Заңды

Қызмет шарттары

Соңғы жаңартылған күн: 3 қыркүйек 2026. Русская версия

1. Жалпы ережелер

Sauatty, ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеу) -ға қазақ тілінде дайындалуға арналған онлайн платформа. Қызметті пайдалану арқылы сен осы шарттарды қабылдайсың.

2. Аккаунт

Тестілерді тапсыру үшін аккаунт қажет. Аккаунт ашқанда дұрыс деректерді беруге және құпиясөзіңді басқа ешкімге айтпауға міндеттісің.

3. Тегін және ақылы қызметтер

Sauatty-де тіркелу тегін. Бірқатар тесттер де тегін қолжетімді, оларды шексіз тапсыруға болады.

Бөлек тесттер мен курстар ақылы болуы мүмкін. Әр қызметтің түпкі бағасы теңгемен карточкада және төлем батырмасының алдында көрсетіледі. Бұл бір реттік төлем, автоматты жазылым жоқ.

Сатып алу шарттары, төлем әдістері, қайтарым тәртібі - Жария оферта бетінде толық жазылған.

4. Дұрыс қолдану

Қызметті қолдану кезінде сен:

  • Тесттердің жауаптарын алаяқтықпен табуға тырыспайсың.
  • Басқа адамдардың аккаунттарын қолданбайсың.
  • Жүйенің жұмысына зиян келтіретін әрекеттер жасамайсың.
  • Контентті біздің рұқсатсыз көшіріп таратпайсың.

5. Интеллектуалды меншік

Sauatty платформасы, оның дизайны, сұрақтар базасы және коды, авторлық құқық арқылы қорғалған. Жеке оқу мақсатында тестті тапсыру, рұқсат. Сұрақтарды коммерциялық қолдану, тыйым салынған.

6. Жауапкершілікті шектеу

Sauatty оқу материалы ретінде ғана ұсынылады және ҰБТ-да жоғары балл алуға кепілдік бермейді. Біз сұрақтардың дұрыстығын сақтауға тырысамыз, бірақ қателер болуы мүмкін. Қате тапсаң - contact@sauatty.kz-ге жаз.

7. Аккаунтты тоқтату

Елеулі немесе қайталама бұзушылық, басқа тұлғалардың құқықтарына не жүйе қауіпсіздігіне қатер болған жағдайда аккаунт уақытша шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін. Мүмкін болған кезде себебі мен қалпына келтіру тәртібі хабарланады. Бұл шаралар Пайдаланушының заңда көзделген қайтарым және талап қою құқықтарын жоймайды. Аккаунтты жеке кабинеттен кез келген уақытта жоюға болады.

8. Өзгерістер

Шарттардың жаңа редакциясы осы бетте жарияланып, жаңарту күні көрсетіледі. Маңызды өзгерістер бұрын жасалған сатып алудың бағасын немесе негізгі қолжетімділік көлемін Пайдаланушының жеке келісімінсіз нашарлатпайды. Жаңа редакция күшіне енгеннен кейін қызметті әрі қарай пайдалану оған келісуді білдіреді; келіспеген Пайдаланушы қызметті тоқтатып, заң мен Офертадағы тәртіппен талап жібере алады.

9. Қолданылатын құқық

Бұл шарттарға Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.

10. Байланыс және деректемелер

ЖК Әбілбек Мұстафа Манапұлы
ЖСН: 070706550951
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Қостанай қ., аэропорт, 11/1, 110000
Телефон: +7 747 203 98 80
Email: contact@sauatty.kz
Жұмыс кестесі: 24/7 (онлайн қызмет)